{metadescription}
4 жасар бала жылан шағып, ажал құша жаздады
4 жасар бала жылан шағып, ажал құша жаздады

4 жасар бала жылан шағып, ажал құша жаздады

Алматы облысында 4 жасар бала жылан шағып, ажал құша жаздады. Оқиға Қарасай ауданына қарасты Мыңбаев аулындағы балабақша ауласында, түскі серуен кезінде орын алған. Балаға дереу көмек көрсете қоятын ауылда да, аудандық ауруханада да жылан уына қарсы екпе табылмапты. Қол күп болып іскен Арсыланды жақындары қалаға өздері жеткізген.

Бұл4 жасар Арсыланның жалпы палатаға шығарылған беті. Өйткені ойнап жүріп оқыс жылан шағып алған ол екі тәуліктен бірі жансақтау бөлімінде жатты. Қолында аздап ісік қалғаны болмаса, қазір балғынның өміріне қауіп жоқ.

Ольга Позмогова, №1 клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бала ауыр жағдайда түсті. Қажетті көмек көрсетіліп, қазір беті бері қарады, у бойынан шығарылды. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, сөйлеп жатыр.

Ал оқиғаның өзі Алматы іргесіндегі Мыңбаев ауылындағы балабақшаның ауласында болған. Балғындар таңғы серуенге шаққан уақытта. Жыбырлап жүрген жыланды басында үлкендер де, ойнап жүрген балалар да байқапты сол сәтте. Бірақ тәрбиеші: «Тоқтатқанымша Арсылан оған қолын созып үлгерді», - дейді.     

Айгүл Сәмбетқұлова, балабақша тәрбиешісі:

- Жыланның кетіп бара жатқанын көріп қалдым. Балаларды шақырдым. Сол сәтте Арсыланды «кет, кет» деп итердім. Ол бала сөйлемейді ғой. «Бу» деді. Қолын байқап қалдым. Қолын қыстым да тістедім. Сосын ауруханаға апардым.

Бірақ жылан уына қарсы екпе не ауылдық медпункте, не Ұзынағаштағы орталық ауруханада да жоқ болып шыққан. Сондықтан баланы жедел Алматыға жеткізуге тура келіпті.

Биману Рашева, Арсыланның әжесі:

- Немеремді ойнап жүргенде мына жерінен жылан шағып алды. СосынҰзынағаштағы жансақтау бөліміне алып кеткен, одан қалаға кетті. Қарсы егетін емдері жоқ болғандықтан. Бүгін менің баламмен болып жатыр, ертең мына балалармен болса қайтеді?

4 жасар Арсыланды шаққан мына жылан. Түріне қарап кішкентай әрі «жылан бала болса керек» деп болжап отыр. Алайда баланың жақындары «Егер жыланның кішісі жүрсе, демек балабақша маңында оның ордасы болуы мүмкін»  дейді.

Ал жылан өз сазайын алды. Жетіге бөлініп, жұлыны үзілді. Сыртқы кескінін қарап, уы күшті сұр жылан екенін бірден аңғару қиын емес. Десе де, тосын болса да бұл оқиғадан кейін тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдіріпті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде