{metadescription}
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам опат болды. Қос көліктің де жылдамдықты шамадан тыс асырғаны соншалық, соғылған кезде темір тұлпарлар бөлшектеніп кеткен. Марқұмдардың да денесі 10 метр жерден табылды.

Жол апаты түнгі 11 жарым шамасында, Солтүстік айналма жолда орын алған. БМВ мен Субару жол бөлісе алмаса керек. Жылдамдықты шамадан тыс арттырған Субару жүргізушісі Жұмабаев көшесінен өткен соң, жолдың қарсы бетіне шығып БМВ-мен соқтығысқан. Салдарынан БМВ жүргізушісі мен Субарудың екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал ауыр жарақат алған тағы екі адам жедел түрде ауруханаға жеткізіліпті. Соққының қаншылықты күшті болғандығын темір тұлпар ішінде болған адамдардың ондаған метр жерден табылғандығынан және көліктің ортасынан қақ айырылғандығынан аңғаруға болады. Тергеу амалдарын жүргізген жол сақшылары апатқа Субару жүргізушісі кінәлі деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.