{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шығыс Қазақстанда қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы» турниріне ақтық іріктеу өтті. Сайысқа қатысқан 21 балуанның арасынан  Абай ауданының тумасы Айбек Нұғымановтыңасығы алшысынан түсті.

Ақтық сында кілемге шыққандардың әрқайсысы өңірдің ең атақты балуандары.   Арасында еліміздің бірнеше дүркін «Түйе балуаны» атанған, өткен жылы Қазақстан барысында да көзге түскен Қуаныш Салықбаев, сол жылғы  «қазақстан барысының» қола жүлдегері Шалқар Жоламанов және сегіздікке кірген Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымановтар да болды. Жалпы бірнеше сағатқа созылған тартыс қызықты да тартымды өтті. Әсіресе  ең соңғы үздік төрттік   арасындағы  белдесулер  елді өзіне  үйіріп алды.  Нәтижесінде  жүлделі үшінші орынға  Мұхит Тұрсынов лайық болып шықса, Ал  «Шығыс барысы» атағы  сарапқа түскен  ақтық сында   135 келілік Айбек Нұғманов пен 100 келі  тартатын Шалқар Жоламанов күресетін болған.  Алайда күтпеген жерден Шалқар Жоламанов  «ағалығын» көрсетіп, соңынан ерген ізбасарына  жеңісті сыйлай салды.  Сөйтіп  қыркүйектегі республикалық  «Қазақстан барысы»  додасында   «Шығыс барысы”атанып  алтын белбеуді еншілеген Айбек Нұғыманов  пен екінші орын алған Шалқар Жоламанов облыс намысын қорғайтын болады.

Айбек Нұғыманов, «Шығыс барысы», алтын белбеу иегері:

- Енді үлкен жарыс, бұл біздің бірніші сынағымыз. Осыдан сүрінбей өттім деп ойлаймын.Енді бұйыртып осы алтын белбеуді ұттық.Құдай қаласа алдыдағы Қазақстан барысында ұтамыз деген ойымыз бар.

Шешуші турда “Осерді” қапы қалдырған “Монпелье”  тұңғыш рет Франция чемпионы  атанды.  Алтын медальдың тағдыры шешілген  сырт алаңдағы  матч  “Монпелье” үшін сәтсіз басталды.

Кездесудің 20 минутында бұрыштан берілген допты баспен ұрып қақпаға түсірген Оливье Капо,  жергілікті жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Бірақ  алаң иелерінің қаунышы көпке созылған жоқ. Қонақтардың алаң ортасынан өрбіген  әдемі комбинациясын жақын жерден торға дәл бағыттаған Джон Утаки, екінші таймның соңына қарай “Осердің” қақпашысын тағы да сан- соқтырып кетті. Есеп 1:2.  Шешуші турға дейін  чемпиондық атақтан үмітін үзбей келген “ПСЖ” осы күні дәл осындай есеппен “Лоряннан” басым түсті. Дегенмен   “Монпельеден” үш ұпай   кем жинаған “ПСЖ” биылғы маусымды екінші орынмен аяқтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде