{metadescription}
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 20 жылқы үлестірілді
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 20 жылқы үлестірілді

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 20 жылқы үлестірілді

Жиырма жылға – жиырма жылқы! Алматыдағы Республика сарайында осыдай атпен «Жұлдыздар отбасы» журналының ұйымдастыруымен кезекті мерекелік кеш өтті. Басымның бұл жолғы шарасы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Осыған орай «Жұлдыздар отбасы» мен «Аңыз адам» журналдары үлкен бәйге жариялап, 1 жылға толық жазылған 20 оқырманға ұтыстар үлестірді. 

«Жұлдыздар отбасына» - 5 жыл, «Аңыз адамға» - толық 2 жыл. Бұл - Республика сарайында кезекті мәрте оқырмандар басын қосқан қос журнал қуанышы. Бірақ тойдың бұл жолғысы бұрынғысынан өзгеше. Ұтысы да анағұрлым ұтымды. Оған ел тәуелсіздігіне биыл 20 жыл толуы себеп. Бас бәйгеге 20 жылқының тігілуі де содан.

Жарылқап Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының Бас редакторы:

- Біз жыл сайын бір екі компьютер ойнататынбыз. Одан кейін сол компьютерлеріміз көбейіп 71 жүлдеге жеткен. Ол бірақ «Аламан бәйге» деп аталатын. Ал мына жиырма жылқыны салтанатты түрде халықтың алдында ешқандай алаламай, тура, ашық өткізетінімізді көрсеткіміз келіп, осы бүгінгі кешті ұйымдастырып отырмыз.

Айта кету керек, ұтысқа тігілген бір жылқы құны – кемі 200 мың теңге. Әрі бір жылға толық жазылған оқырманның еншісіне ғана бұйырмақ. Ұтыстың басы алдымен Ақтөбеге аттанды.

Журнал сый осымен ғана шектелмеді. Қосымша залға жиналған жұрт арасында да билет бойынша мол ұтыс жүрді.     

Әлима Сұлтанғали, журнал оқырманы:

- Ол билеттің нөмірі мен қатары бойынша ұтыс шықты. Мен ойлаған жоқпын шығады деп. Қуаныштымын топтаманы алғаныма. Өте қатты ұнайды. Бұл журналдың өмір ұзақ болғанын тілеймін.

Жазары жағымды жунал қызметіне өнер иелерінің өздері де разы. «Ақпаратты алдаусыз жеткізетін санаулы басылымның бірі» деп бағалайды.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Осы уақытқа шейін қанша рет сұхбат бердім, менің әңгімелерімнің барлығын тура жазған «Жұлдыздар отбасы». Мен айтқанды дәл жазған. Болады, басқа журналдар өтірік қосып жазады. Өзінің атын көтеру үшін.

Жұлдыздар туралы сыр-сұхбат пен алып тұлғалар жайында әңгімелейтін қос журналдың бүгінде тұрақты оқырмандар саны ұлғайып, таралымы 40 мың данадан артқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде