{metadescription}
Қостанай даласында 120-ға жуық киіктің өлі денесі табылды
Қостанай даласында 120-ға жуық киіктің өлі денесі табылды

Қостанай даласында 120-ға жуық киіктің өлі денесі табылды

Қостанай облысында киіктер қырылып жатыр. Кешелі бері Жангелді ауданынан 120-ға жуық ақбөкеннің өлі денесі табылды. Орман шаруашылығы мамандарының сөзінше, «Қызыл кітапқа» енген түз жануарлары сол жердегі шөптен уланған. 

Қазір санитарлық және төтенше жағдайлар мамандары киіктер өлімінің себебін нақтырақ анықтау үшін арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Ол үшін сол жердегі өсімдік, топырақ және су құрамы тексерілетін болады. Дегенмен жергілікті әкімдік өздерінің алғашқы қорытындыларын шығарып қойды. Олар ақбөкендер, уланған шөптен өлді дегенді алға тартады. Өйткені бір ай бұрын дәл осы аймаққа «Союз ТМА -22» ғарыш кемесі қондырылған болатын. Одан шашылған химиялық қалдықтар сол жердің өсімдігін улап жарамсыз етіп тастаған дейді. Десе де бұның өзін зерттеп анықтап алу керек. Ақбөкендердің бұлайша жаппай қырылуы бұнымен бірінші рет емес. Былтыр да Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам киік пастереллез жұқпалы ауруының құрбаны болған еді. Енді қазір Сорша елді мекенінде болған мына жағдайдың себебін анықтау үшін бірнеше ведмство мамандары жұмыс жүргізуде.

Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

-  Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Орман және аңшылық шаруашығының мамандары тексеруді бастады. Меніңше жұқпалы ауру сияқты. Үй жануарлары ғана емес, даладағы аңдарды да ойсыратып жатқан.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.