{metadescription}
Шетпедегі оқиғаға қатысты сот үкімі шықты
Шетпедегі оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Шетпедегі оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

16 желтоқсанда Маңғыстау облысында болған жаппай толқудың сызы әлі басылар емес. Ел аузында “Жаңаөзен оқиғасы” аталған іске қатысты бүгін Шетпеде сот отырысы аяқталды.

Желтоқсанда болған толқуға тәулік өткенде қосылған Шетпеліктердің 12-сі уақытша ұстау абақтысына қамалған еді. Бүгін сот соның 10-ын айыпты деп тапты. Ең үлкен жазаға кесілгені Ауезов есімді азамат, 7 жылға темір торға тоғытылды. Тағы екеуі 5 жылға, енді бірі 4 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Қалғандары аса ауыр қылмыс жасамады деп табылып, рақымшылыққа ілікті, сот залында босатылды. Айыпты деп табылған 10 азамат желтоқсандағы толқу кезінде 17 млн теңгеге бағаланған мүлікті құртқан. Сол сома барлығына теңдей бөлініп мемлекеттің қазынасына қайтарылатын болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде