{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қазақстандық балуан Гузель Манюрова  Польшада аяқталған ірі халықаралық  жарыстың бас жүлдесін иемденді. 72 келіде белдескен жерлесіміз ақтық сында Беларусь елінің үміті Василиса Марзалюктен мерейін асырды. 48 келіде бақ сынаған Татьяна Аманжолова да жүлдесіз қалған жоқ.  Татьянаның есебінде қола медаль.

Уимблдонға жолы түскен қазақстандық төрт теннисшінің екеуі  жеке сыннан өтіп жатқан жарыстан босап қалды. Михайл Кукушкин  жапон жігіті Кей Нисикориге жол берсе, Ксения Первак  қытайлық құрбысы На Лиден мүлт кетті.

Қалған екеуі Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ярослава  оңтүстік африкалық Шанель Шиперсті, ал Галина  венгриялық Грета Арнды ұтты.  Осы күні  Уимблдонның былтырғы чемпионы  чехиялық  Петра Квитова , Өзбекстанның бірінші ракеткасы Ақгүл Аннамұратовадан басым түсті. Ресейлік тәжірибелі теннисші Николай Давыденконы айқын ұтқан  әлемнің төртінші ракеткасы Энди Маррэй жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады.  1сағат 35 минутқа жалғасқан бәсекенің нәтижесі 6:1, 6:1, 6:4.  Дүбірлі жарыстағы алғашқы ойынды бразилиялық Томаш Белуччиге қарсы өткізген   Рафаэль Надаль  7:6, 6:2 және 6:3 есебімен жеңіске жетті.   

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы жартылай финалы ойналмақ. Топтық кезең мен ширек финалды артқа тастаған Испания мен Португалия 2012 жылғы Еуропа чемпионатының финалына берілер жолдаманы сарапқа салмақ.

Әлем және еуропа чемпионы Испания бұл жұпта фаворит. Дегенмен Криштиану Роналду бастаған Португалия да мамандар мен жанкүйерлердің көңілінен шығуда. Топтық кезеңде Голландияның алдын ораған Паулу Бенту шәкірттері ширек финалда Чехиядан басым түскен. Ал өз кезегінде “қызыл фурия” Францияны 2:0 есебімен тізерлеткен болатын. Алдағы матчқа соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан Висенте Дель Боске бірінші кезекте Криштиану Роналдуға еркіндік  бермеу  керек деп отыр. Сондай-ақ допқа көп иелік етіп шабуылға баса мән беру керектігін айтты. Пиренейлік дерби Астана уақытымен 00:45 те басталады.  

“Тур де Франстың” былтырғы үздік спринтері  Марк Кавендиш, биыл жоғары көрсеткішке қол жеткізу қиынға соғады деп отыр.

2011 жылы бес бірдей кезеңінің жеңімпазы атанған велошабандоз, алдағы жарыста құрығанда  бір кезеңде топ жаруды көздейді.  Лондон олимпиадасында бақ сынағалы жүрген велошабандоз,  өзінің спорттық бабына көңілі толмайтынын білдірді. Осылайша ағынан жарылған британиялық спринтер  “Тур де Франста” шамасына қарап көретінін мәлімдеді. Ал олимпиадалық ойындарда ел намысын қорғау мен үшін үлкен сын деген Кавендиш,  Лондонда олжа салуды армандайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде