{metadescription}
«Астана кештері» атты І Халықаралық өнер фестивалі басталды
«Астана кештері» атты І Халықаралық өнер фестивалі басталды

«Астана кештері» атты І Халықаралық өнер фестивалі басталды

Дәл осы сағаттарда Елорда төрінде “Астана кештері” атты халықаралық музыка фестивалі өз шымылдығын ашуда. Айтулы кеш бас қаламыз - Астананың туған күніне орайластырып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін шараның алғашқы күні “Сазген сазы” фолькрольлық-этнографиялық ансамбльдің сүйемелдеуімен Дариға Назарбаева өз өнер паш етті.

Астана төрінде ашылған өнер фестиваліне меймандардың  алды болып 95 жастағы маэстро Марио Меллани, ресейлік Святослав Бэлза келген. Италиялық өнер майталманы соңғы он жылдан бері Дариға Назарбаеваға вокалдан дәріс беріп келеді. Сондықтан, бүгінгі кештен тыс қала алмапты.  Ал оның әріптесі аты аңызға айналған ресейлік Святослав Бэлза қонақ ретінде ғана емес, қазақстандық тыңдармандарды өнермен де тәнті етпек. 

Святослав Бэлза, Ресей халық артисі, музыкатанушы:

- Кеште көпшілікті тәнті етуге тырысамын. Керек болса, смокингпен шығамын. Негізі бұлай киінбеуші едім, өйткені маған киімнен гөрі өнер бағалы.

Бэлзаның былайша дайындалуына Дариға Назарбаеваның концертінде жүргізу мәртебесі бұйырғаны себеп. Ал айта кету керек, “Астана кештері” аясында ұйымдастырылып отырған бұл концертке мұрындық болған – “Дегдар” қайырылымдылық қоры. Тіпті, шетелден келетін әр қонаққа дейін жауапты екен. Мәселен, думанды кештің жабылу рәсімі  арнайы шақыртылған Ресей мен Татарстан елінің халық артисі Рубин Абдуллинге жүктеліпті.

Рубин Абдуллин, Ресей халық артисі:

- Тікұшақтан түскен сәттегі сезімімді айтқым келіп тұр. Арайлап атқан таңмен жарыса бой көтеретін қала көрінісі тамаша. Шаһарды салудағы идея, оны жүзеге асыру да үлкен еңбек. 

Мәдени шараны бірден 3 мыңнан астам көрерменнің тамашалауына мүмкіндік бар, әрі  билеттер де тегін таратылған-ды. Сондықтан болар, қазір кассада бірде-бір билет қалмапты. Үш күнге жалғасатын фестивальдің келесі бөлімдері әйгілі әнші Әлібек Дінішовтың жеке концертімен жалғаспақ. Ал қазір болып жатқан халықаралық музыка фестивалі жайында толық ақпаратты алдағы шығарылымдардан көре аласыздар!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде