{metadescription}
Жезқазғанда мас жүргізуші жүкті әйелді көлігімен қағып, мерт қылды
Жезқазғанда мас жүргізуші жүкті әйелді көлігімен қағып, мерт қылды

Жезқазғанда мас жүргізуші жүкті әйелді көлігімен қағып, мерт қылды

Жезқазғанда удай мас жүргізуші айы-күні жақындаған жүкті әйелді көлігімен қағып мерт қылды. Сол мезетте жанында болған әкесі ауыр жарақат алып, хал үстінде жатыр.

Мына қызметтік көлікте «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніштердің кәсіподақ төрағасы Қанат Ыбрайымов пен оның досы болған. Екеуі де ішімдікке сылқия тойып алыпты. Мәліметтерге қарағанда, қос азамат қызмет сатысымен жоғарылағандарын атап өткен екен. Солар тақымдаған көлік Жезқазған қаласынан 3 шақырым жердегі айналма жолда көше бойлап бара жатқан жүкті әйел мен оның әкесін қағып түсіріпті. Соққыдан, ер азамат миына қан құйылып ес-түссіз жатыр. Ал көз жұмған 18 жастағы Анастасия Шершнева бір аптадан соң босануы тиіс еді. Алайда, көлікті мен басқармадым, - деп екеуі де жауапкершіліктен қашқалақтап отырған көрінеді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде