{metadescription}
Ақтөбеде болған атыстың артында кімдердің тұрғаны жақында анықталады
Ақтөбеде болған атыстың артында кімдердің тұрғаны жақында анықталады

Ақтөбеде болған атыстың артында кімдердің тұрғаны жақында анықталады

Ақтөбедегі атыста аман қалған жалғыз күдіктіден жауап алу мүмкін болмай тұр. Қарулы қақтығыс кезінде ауыр жараланған Ғабит Құрманқұл әлі тергеушілердің сұрағына жауап беруге қауқарсыз. Сондықтан құзырлы орындар жол сақшысын өлтіргендер экстремистік топ өкілдері деуге асықпай отыр.

Қалмұхамбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ауруханада жатқан адамнан жуырда жауап аламыз. Бұл сұрақтың жауабы сол кезде белгілі болады.   

Десе де Ішкі істер министрі жұртты дүрліктірген қанды қылмыстың бүге-шігесіне дейін тексеріліп жатқанын жеткізді. Естеріңізге салсақ, өткен аптада мұздай қаруланған үш жігіт такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларына да оқ жаударған болатын. Алған жарақатынан Жол полициясының қызметкері Темірбек Жақсылықбаев оқиға орнында тіл тартпай кеткен болатын. Кейін күдіктілер жер үйлердің біріне бекініп, күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде екі қаскөйдің көзі жойылып, біреуі жараланған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.