{metadescription}
Жеңіл көлік трактор тіркемесіне соғылып, 7 адам ажал құшты
Жеңіл көлік трактор тіркемесіне соғылып, 7 адам ажал құшты

Жеңіл көлік трактор тіркемесіне соғылып, 7 адам ажал құшты

Ақмола облысында жантүршігерлік көлік апатынан 7 адам қаза тапты. Марқұмдардың барлығы да өрімдей қыз-жігіттер.

Қайғылы оқиға «Атбасар-Державин» тас жолының 45 шақырымында болған. 19 жастағы «Ваз» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай түн ішінде шөп тиеп кетіп бара жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Жеңіл машинадағы 7 адам оқиға орнында мерт болды. Марқұмдардың барлығы да 18-20 жас аралығындағы жастар. Екеуі бойжеткен. Жақсы ауданында тұратын қыз-жігіттер жақын маңдағы көрші ауылға би кешіне асығып бара жатыпты. Ал трактор жүргізушісінің ішімдік ішпегені анықталды. Бірақ үстінен қылмыстық іс қозғалып қамауға алынған. Оған жол ережесін бұзып, апатты жағдай туғызды деп айып тағылып отыр. Себебі қараңғыда трактордың жарықшамдары жағылмаған, не мүлдем болмаған деген күдік бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде