{metadescription}
Сирияда билік пен оппозиция арасындағы қақтығыс қайта қарқын алды
Сирияда билік пен оппозиция арасындағы қақтығыс қайта қарқын алды

Сирияда билік пен оппозиция арасындағы қақтығыс қайта қарқын алды

Сирияның экономикалық астанасы саналатын Алеппо қаласында қарулы қақтығыс қайта қарқын алды. Бүлікшілер бүгін қаладағы қанды қырғынды тоқтатуға бара жатқан билік әскерінің колоннасына шабуыл жасаған. Атыс кезінде бірнеше адам оққа ұшып, әскерилердің 4 бронды техникасының көзі жойылды.

Ал Сирияның әуе күштері қаланың өзге аудандарындағы бүлікшілер қосынын оқтың астына алған. Қазір Алеппоның батыс бөлігі мен негізгі көшелері әскерилердің бақылауында. Барлық стратегиялық нысандар күзетке алынып, шаһарға кіретін-шығатын жолдар қоршалған. Ресми билік бүлікшілер бейбіт тұрғындарды өздеріне қалқан ретінде пайдаланып, көптің артына тығылуда деп мәлімдеді. Ал оппозиция болса Алеппоның кемінде жартысы бақылауымызда дейді. Айта кетейік, Сирияда билік пен оппозиция жақтастары арасындағы қарулы қақтығыс бір жылдан бері тыншымай келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде