{metadescription}
Сириядағы қарулы қақтығыс ушыға түсті
Сириядағы қарулы қақтығыс ушыға түсті

Сириядағы қарулы қақтығыс ушыға түсті

Сириядағы жағдай ушыға түсті. Башар Ассад билігіне қарсы шыққандар елдің бірқатар аймақтарында қарулы қақтығыстарды жандандырып, ауыр бомбаларды қолдануға кіріскен. Салдарынан бейбіт тұрғындар арасында мерт болғандар саны артып келеді.

Кескілескен ұрыс әсіресе Сирияның экономикалық астанасы саналатын Алеппо қаласында жүріп жатыр. Бүлікшілер өліспей беріспеуге бекінген. Өйткені Алеппо «Сирияның бостандық армиясы» атанып жүрген топтың бекінген соңғы аудандарының бірі. Қазір қала толығымен Үкімет әскерінің қоршауында. Бұл маңға 20 мыңдай жауынгер, ауыр техника мен әуе күштері шоғырланған. Ел астанасы Дамасктен бастап басқа аймақтар да түгелге жуық әскерилердің бақылауында. Алепподағы жағдай ушыққасын халықаралық бақылаушылар да шаһарды тастап шықты. Босқындар саны да айтарлықтан көбейген. Атыс-шабыстан бой тасалаған жұрт Түркияның шекарасына қарай ағылуда. Сондай-ақ Башар Асад билігінен күдер үзгендер саны да күн санап артып жатыр. Бұл жолы ағайын туысын алып қашқан премьер-министр Рияд Хиджаб. Ол күні кеше ғана қызметінен алынған болатын. Енді Иорданияға жетіп, оппозиция жағына шығатынын мәлімдеуде. Айта кету керек, Хиджап Үкімет басында екі айдай уақыт қана отырған. Оның үстіне Башар Асадтың сенімді серіктерінің қатарында ешқашан аталған емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде