Рахат Тұрлыханов жаңа қызметке тағайындалды
Автор: Ербол Сейілхан
14.09.2012
Белгілі әнші Рахат Тұрлыханов жаңа қызметке жайғасты. Енді ол жастар кәсіпкерлігін дамытумен айналыспақ.
Соңғы уақытта сахнадан көрінбей кеткен 27 жастағы Рахат Тұрлыханов бүгін «Атамекен» одағы ұлттық экономикалық палатасының жанынан құрылған жастар кәсіпкерлігі департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл қызмет үшін арнайы байқау жарияланбаған. Бірақ жаңа департамент жасақталғалы жатқанын естіген жігіт өз кандидатурасын ұсыныпты. Рахаттың осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздегі жастар мәселесі мен жеке бизнесте біраз табысқа жеткенін ескерген «Атамекен» одағының төрағасы оны жайлы орынтаққа көп ойланбастан жайғастырған. Рахат Тұрлыханов осыдан екі жыл бұрын Лондондағы елшілікте де істеген болатын. Бірақ Тұманды Альбионда жол ережесін қайта-қайта бұзып, қордаланған қарызын өтемегені үшін елге кері шақырылып, Сыртқы істер министрлігінен қуылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!