{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Алексей Луценко велоспорттан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл қазақстандықтардың әлем чемпионатындағы тұңғыш табысы. Голландияның Валькенбург қаласында мәресіне жеткен бұл бәйгеде жерлесіміз қарсыластарын шаң қаптырды.   

Луценко 177 шақырымға созылған жарыс жолын 4 сағат 20 минутта бағындырды. Ол көмбе сызығына санаулы метрлер қалғанда француз Браян Кокуардтың алдын орап кетті. Бельгиялық Том Ван Асброек үштікті түйіндеді. Естеріңізге сала кетсек, бұл  додада алты бірдей қазақстандық велошабандоз өнер көрсеткен. Солардың қолдауымен мәре сызығына тың жеткен Луценко келер маусымда “Астана” командасының жейдесін кимек. 

Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден әлемдік Гран-Придің жазғы кезең жеңімпаздары анықталды. Байрақты бәсекеге 13 елден елуге тарта спортшы қатысты.

Биылғы жарыстың басты ерекшелігі әйелдер сайысы болды. Естеріңізге сала  кетсек 2014-ші жылы қысқы Олимпиада ойындары алғаш рет әйелдер бәсекесін өз бағдарламасына енгізген. Ерлер арасында словениялық Юри Тепеш үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық қос шебер Андрес Фаннемел мен Том Хильде тиісінше екінші-үшінші орынды өзара бөлісті. 140 метрлік тұғырда басты фаворит саналған швейцариялық Симон Аман үздік үштікке ілінбеді. Ал қазақстандық Алексей Пчельницев небәрі 30-нәтиже көрсетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде