{metadescription}
Алматыда жол апатынан 4 жеткіншек мерт болды
Алматыда жол апатынан 4 жеткіншек мерт болды

Алматыда жол апатынан 4 жеткіншек мерт болды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды! Қайғылы оқиға кезінде 1 көлікте отырған 4 адам түгел көз жұмды.

Марқұмдардың барлығы жасы 20-ға да толмаған жас жеткіншектер. Куәгерлердің айтуынша, жігіттер отырған “Ниссан” маркалы көлік солтүстікке беттеп келе жатқан. Сол уақытта қарсы бағыттағы “Ауди” жүргізушісі “үлгеремін” деп ойласа керек, жылдамдықты ескерместен бұрыла кетіпті. Соққының қатты болғаны сонша, жапон көлігін басқа машинаға лақтырып, ағашқа барып бір-ақ тірелген. Сау тамтығы қалмаған “Ниссанның” ішіндегі 4 жігіт те оқиға орнында тілге келместен мерт болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде