{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мексикалық үшсайысшы Сержио Сармиенто өз елінде өткен Әлем кубогы үшін жарыстың кезекті сынағында үздік шықты.  Спорттың үш түрін бірдей меңгерген жергілікті сайыпқырандар өз жанкүйерлерін жерге қаратпады.

Ашық судан шыққан бойы велосипедке қонған алғашқы лектің қатары уақыт өте сирей түсті. Әсіресе, кіші марафондық жарыс барысында басты үміткерлер іріктелген. Нәтижесінде көптің арасынан бабы мен бағы қатар шапқан мексикалық жігіт Сержио Сармиенто мәре сызығын бірінші қиды. Ол жарыс жолын 53 минут 33 секундта бағындырса, отандасы Крисанто Гонсалес екінші, ал тұғырдың үшінші сатысына француз Грегори Руа көтерілді. 

Рекордтың да түр-түрі бар. Оны жаңартуға жаны құмарлар да көп. Біреу секіруден немесе жүгіруден көзге түсіп жатса, енді біреулер салмақ  көтеруден әлемдік рекордтардың иесі. Бұл спорттағы бізге ең танымал жетістіктер ғана. Ал біз білмейтін рекордтар қаншама. Сондай ерекше рекорд Аргентинада  тіркелді.

Жергілікті “Ривер Плейт” футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасына деген ыстық ықыластарын ерекше жеткізіпті. Ондаған мың жанкүйер  ұзындығы 8 шақырымдық клубтың байрағын қала көшелерімен алып өткен. Буэнос-Айрестің Палермо ауданынан басталған байрақты шеру, клубтың алғашқы ойын алаңы болған, Аргентинадағы ең үлкен стадион “Монументальға” дейін жалғасты. Жанкүйерлер қолымен тігілген байрақтың ұзындығы 7829 метр, ал ені 4 жарым метрге тең. Бұл әлемдегі ең ұзын жалау ретінде жақын күндері “Әлемдік рекордтар кітабына” тіркелуі тиіс.      

Осыдан бірнеше күн қытайлық интернет-ресурсты пайдаланатын белгісіз біреу Роджер Федерердің өміріне қауіп төндірмек болғаны жайлы хабар тарады. Теннисші өзіне төнген қауіпті ел құлағына жетерден он күн бұрын білген.

Десе де теннисші мұндай жағымсыз хабардың қалың елге жайылып кеткеніне өкінішін білдірді. Ал Қытайдағы жарысқа жұбайы мен қыздарын тастап  жалғыз келгеніне әлгі оқиғаның қатысы жоқ екенін де айта кетті. Әлемнің бірінші ракеткасы Шанхайдағы алғашқы бәсекесін тайвандық Йень Сун Лю мен қытайлық Цзэ Чжан арасындағы матчтың жеңімпазымен өткізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.