{metadescription}
Мәслихат депутатымен төбелескен ауыл әкімі де жазасыз қалмады
Мәслихат депутатымен төбелескен ауыл әкімі де жазасыз қалмады

Мәслихат депутатымен төбелескен ауыл әкімі де жазасыз қалмады

Соққыны да жеді, жазаны да алды! Ақмола облысы, Сілеті ауылының әкімі Ғазиз Әбеновке аудандық мәслихат депутатымен төбелескені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Естеріңізге салсақ, өткен хабарларымыздың бірінде Ерейментау ауданында жер мәселесіне қатысты комиссия отырысында мәслихат депутаты Ербол Дүйсенов Сілеті ауылының әкімі Ғазиз Әбеновті соққыға жыққанын айтқанбыз. Сол ауыр соққылардан бірнеше жерінен дене жарақатын алған пайғамбар жасындағы ауыл әкімі аурухана жағалап қалса, Мәслихат депутаты Ербол Дүйсенов тек әкімшілік жазамен шектеліп отыр. Мандатынан да айырылған жоқ. Бірақ, аудандық сот Дүйсеновке 121 мың теңге айыппұл салған. Ал ең ауыр жазаны аудан әкімінің орынбасары тартатын түрі бар. Қос шендіні дер кезінде арашалай алмаған Алик Манадыров қызметінен қуылу мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде