{metadescription}
Астанада анасы мен қызын буындырып өлтірген қылмыскер ұсталды
Астанада анасы мен қызын буындырып өлтірген қылмыскер ұсталды

Астанада анасы мен қызын буындырып өлтірген қылмыскер ұсталды

Астанада қанды қылмыстың беті ашылды. Елорда тұрғыны 33 жастағы келіншек пен оның 8 жасар қызын буындырып өлтірген.

Бір күн өтпей құрықталған қаскөй қылмысын да бірден мойындап отыр. Айтуынша, келіншекті көлігімен қала шетіне қыдыруға алып шығыпты. Танысқандарына да көп бола қоймаған екен. Жолай екеуі сөзге келіп, 24 жастағы жігіт ақыры әйелді сыммен қылғындырып өлтірген. Ал мәйітті қоқыс алаңына тастай салған. Қаскөй мұнымен де тоқтаған жоқ. Марқұмның үйде ес біліп қалғаны қызы тұратыны есіне түсіп, әрі кейін танып қояр деген пиғылмен бүлдіршіннің де көзін құртыпты. Құр шықпай, жатақханадағы теледидар мен ноутбукті қыстыра кеткен. Бірақ алысқа ұзай алған жоқ. Бір тәулік өтпей қылмысы әшкере болып, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.