{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестікке қатысы бар күдіктілер сот алдында жауап беруде
Ақтөбеде лаңкестікке қатысы бар күдіктілер сот алдында жауап беруде

Ақтөбеде лаңкестікке қатысы бар күдіктілер сот алдында жауап беруде

Ақтөбеде тәртіп сақшысын атып өлтірген лаңкес сот алдында жауап беріп жатыр. 17 жастағы Ғабит Құрманқұл лаңкестіктен бастап 7 бап бойынша айыпталуда.

Тура бес ай бұрын ол екі сыбайласымен такси жүргізушісін пышақтап, оқиға орнына жеткен жол полициясының инспекторы  Темірбек Жақсылықбаевты атып өлтірген болатын. Екі күн өткен соң тұтқындауға келген полицейлерге қаланың қақ ортасында қарулы қарсылық көрсеткені тағы бар. Сегіз сағатқа созылған арнайы операция кезінде 20-дан енді асқан екі күдікті Жолмырза Бекбауов пен Ерназар Мырзағалидың көзі жойылған-ды. Ал тірі қалған жалғыз Ғабит Құрманқұл енді сот алдында жауап беріп жатыр. Тағылған айыптардың барлығы дәлелденетін болса, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан ауыр жазаны бозбаланың кәмілет жасына толмауына байланысты сұрай алмаймыз дейді прокурорлар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде