{metadescription}
Алматы облысында сенбі күні жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды
Алматы облысында сенбі күні жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды

Алматы облысында сенбі күні жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды

Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағы табылды. Өткен сенбіден бері хабар-ошарсыз кеткен әуе көлігінің қалдықтарын іздеу тобы бүгін ғана Достық бекетіне жақын маңнан тауып отыр. Алакөлден 15 шақырым жерге құлаған тікұшақтың артқы бөлігі ғана аман қалған екен. Ал бортындағы 8 адамның бәрі көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік, МИ-8 тікұшағы сенбі күні Алматы облысының Алакөл ауданында жоғалып кеткен болатын. «ЕуроАзияЭйр» компаниясына тиесілі тікұшақ Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алынған-ды. Әуе көлігінің бортындағы 8 адамдың бесеуі экипаж мүшелері, қалғаны мұнай компаниясының қызметкерлері. Ал іздеу шараларының мұншалықты ұзаққа созылуын Көлік прокуратурасындағылар арнайы дабыл құрылғысымен жоқтығымен байланыстырып отыр. Яғни тікұшақ апатты жағдай туындағанын дер кезінде хабарлап үлгермеген. Осы оқиғаға байланысты кеше прокуратура қылмыстық іс қозғаған болатын. Бүгін енді олар еліміздің аумағында пайдалануға берілетін барлық тікұшақ парктерін қатаң тексеруді бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде