{metadescription}
“Астана” экипажы үшін “Дакар-2013” сәтсіз аяқталды
“Астана” экипажы үшін “Дакар-2013” сәтсіз аяқталды

“Астана” экипажы үшін “Дакар-2013” сәтсіз аяқталды

Оңтүстік Америкада өтіп жатқан ралли-марафон “Дакар-2013”  “КАМАЗ” жүк көлігін тізгіндеген “Астана” экипажы үшін сәтсіз аяқталды. Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Нұрлан Тұрлыбаев үштігі Арика мен Калама арасындағы 767 шақырымдық жарыс жолының ортасында қалды.

Міндетті алты нүктеге сәтті жеткен жерлестеріміз 11-ші орында келе жатқан. Алайда қатты қызып кеткен “КАМАЗ” моторы кезекті асуда істен шығыпты.  Естеріңізге сала кетсек қазақстандық көліктің моторы алғашқы кезеңде де сыр берген болатын. Былтырғы Дакарда үшінші нәтиже көрсеткен командамыз осылайша жарыс жолынан тыс қалды. Ал алтыншы кезеңде “Ивекомен” жүйіткіген голландиялық Жерар де Рой мәре сызығын бірінші кесті. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. Де Рой әзірге ешкімге дес берер емес. Алда әлі 8 ауыр кезең бар.          

 

 

Қазақстанның әйелдер құрамасы биатлоннан әлем кубогының 5-ші кезеңінде 12-ші нәтиже көрсетті.

6 шақырымдық эстафетада Олимпиада ойындарының жүлдегері Елена Хрусталева, Азия чемпионы Марина Лебедева сондай-ақ Дарья Усанова мен Алина Райковалар өнер көрсеткен болатын.Биатлошыларымыз жарыс жолын 1 сағат 12 секундтта бағындырды. Алайда мылтық атуға келгенде қазақстандықтар жеті рет мүлт кетті. Бұл кезеңде Норвегия құрамасы топ жарды. Ал ерлер эстафетасында Франция командасы алдына жан салмады. Бұл додада біздің құрама бар жоғы 19-шы орыннан көрінді. Бүгін әлем кубогінде әйелдер арасында жеті жарым шақырымдық спринтерлік жарыс өтпек. 

 

 

Австралия ашық чемпионатына қатысатын тенисшілеріміз өз қарсыластарын білді. “Үлкен дулыға” бәсекесі аясында еліміздің намысын жеті спортшы қорғамақ. 

Рейтингтегі орынына байланысты спортшыларымыз іріктеу кезеңінен босатылған. Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин австриялық Юрген Мельцерге қарсы ойнамақ. Ал Ярослава Шведова неміс қызы Аника Бекпен шеберлік байқасса, Галина Воскабоева азулы америкалық шебер Винус Уильямспен кездеспек. Сесиль Каратанчева 2011-ші жылғы  Roland Garros турнирының жеңімпазы қытайлық На Лиге қарсы ойнаса, Ксеня Первак германиялық Моно Бартельмен кортқа шығады. Австралия ашық чемпионаты қаңтардың 14 де жалауын көтереді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде