{metadescription}
Инфарктан өлді деген қарттың жүрегінен пышақ сынығы табылды
Инфарктан өлді деген қарттың жүрегінен пышақ сынығы табылды

Инфарктан өлді деген қарттың жүрегінен пышақ сынығы табылды

Теміртауда тәртіп сақылары пышақталып өлтірілген адамды, жүрегі тоқтап қайтты деп туыстарына қайтарып берген. Бұл жайт марқұмды жақындары арулап көмуге дайындалып жатқанда әшкере болыпты. Полицейлер денеде қалып қойған пышақтың жүзін байқамаған боп шықты.

Александра Прозорова, марқұмның туысы:

- Ешкімнің басына мұндайда бермесін. Бөтен біреу болса да қайғырамыз, ал мына жерде тіпті есім шығып кетті. Өзі ешкімге соқтықпайтын, ешкімді жау көрмейтін момын адам еді. Сол сенгіштігінен ажал құшқан шығар.  

Александра Прозорава 80-дегі апасы Лидия Румянцеваны үйінде сұлап жатқан күйінде тауып, полицияны өзі шақыртқан. Келген қызметкерлер ары бері түртіп көріп, аузынан қан кетсе жүрегі тоқтаған депті де бұрылып жүре беріпті. Сұмдық жайт жерлеу рәсімін жасаушылар келіп кейуананы алып кетерде әшкере болады. Мәйітті жуушылар денеден сынған пышақтың жүзін тапқан. Бұл жайттан кеш те болса құлақтанған полиция қылмыстық іс қозғап, жұмысқа атүсті қараған әлгі полицейлерді қызметтерінен босатты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде