{metadescription}
Н.Тыналиев Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының чемпионы атанды
Н.Тыналиев Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының чемпионы атанды

Н.Тыналиев Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының чемпионы атанды

Нұрмахан Тыналиев грек-рим күресінен Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының чемпионы атанды. 120-келіден жоғары салмақта белдескен палуанымыз финалда қытайлық Ни Ксиаомингқа еш мүмкіндік бермеді.

 

 

Қазақстандағы елді елең еткізетін  ірі  жарыстардың бірі  бұл күндері   Шымкентте өтіп жатыр. Шырайлы шаһарда Азия чемпионатына жиналған жасөспірім боксшылар қолғап түйістіруде.  13 салмақ бойынша өтіп жатқан құрлық біріншілігінде 14 мемлекеттен жүзден астам боксшылар жиналыпты.

Біздің жас өрендердің  екпіні күшті. Олардан  өзбек пен тәжіктің жас оғландары да қалысар  емес.  Бірақ арамызда ширек финалда сүрінгендер болды. 52 келідегі үмітіміз Станислав Калицкий ширек сында Өзбекстан құрамасының өкілі Жабоқұрбек Кәрімовтен ұтылып қалды. 48 келі тартатын Бауыржан Аманжолов тартысты өткен бәсекеде түрікменстандық  Мұхамет Бердібаевқа жол берді. Бүгін демалыс алған боксшылар, ертең жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Ақтық кездесулер жексенбі күні өтеді.

 

 

Қарағандының “Сарыарқасы” жоғарғы хоккей лигасының финалдық сериясының алғашқы матчын жеңіспен бастады. Нефтекамск қаласының “Торос” командасын қабылдаған қарағандылықтар қарсыластарын 4:1 есебімен ойсыратты.

Кеншілер өлкесінде өткен бәсекеде айдын иелері төреші ысқырығы естіле сала есеп ашты. 16-шы секундтта қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеген Илья Малюшкин “Сарыарқаны” алға шығарды. Ал, 9-шы минутта Малюшкин комбинациялық шабуылға нүкте қойған. Алайда Артем Гареев есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Қалған уақытта Дмитрий Данилин мен Семен Кокуев бір-бір голдан тоғытып “Сарыарқаға” жеңіс сыйлады. Шешуші кезеңде жергілікті жанкүйерлер канадалық легионер Джош Грэттон мен Ильдар Исангулов арасындағы жекпе-жекке куә болды. Енді бүгін ресейде қарымта мачт ойналады

 

 

Бүгін Тайландта дзюдодан Азия чемпионаты жалауын көтерді.  Әзірге жерлестеріміздің арасынан  бас бәйге үшін белдесетін балуан табылмай тұр. Дегенмен Айгүл Байғұлова, Олеся Куценко, Динара Мингазева және жастар арасынан әлемнің экс-чемпионы Елдос Сметов  қола  үшін күреседі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде