{metadescription}
Алматылық студенттер жасаған робот бүгін көпшілікке таныстырылды
Алматылық студенттер жасаған робот бүгін көпшілікке таныстырылды

Алматылық студенттер жасаған робот бүгін көпшілікке таныстырылды

Отандық робот елімізді Астанадағы «ASTEX-2013» көрмесінде таныстырады. Алматылық студенттер құрастырған «Шолпан» есімді гуманоид бүгін көпшілік назарына ұсынылды.  

Құлтемірдің құрастырушылары өз туындысына сұлулықтың белгісі деп «Шолпан» атауын таңдаған екен. Ал оны құрастыру үшін бір ай уақыт пен бір миллион теңге қаражат жұмсалыпты. Негізгі қиындық роботтың сыртқы бейнесін жасау барысында туындаған көрінеді. Себебі елімізде 3D форматындағы принтерлер жоқ. Сондықтан өнертапқыштар өз қолдарымен роботтың бейнесін жасаған. Ал «Шолпанның» өзі кеңістікте еркін қозғалып, алдындағы адамдардың қимылын арнайы құрылғы арқылы болжай алады. Гуманоид алдағы «ASTEX-2013» көрмесінде қонақтарды қарсы алып, оларға  ақпараттық қолдау көрсетуге жұмылдырылмақ. Дегенмен студенттер «Шолпанның» әлі де жетілдіру қажет тұстары баршылық деп отыр. 

Арман Жармағанбетов, «Шолпан» гид-роботының құрастырушысы:

- Бұл роботтың негізгі функциясы адамның іс-әрекеттерін қайталау. Ең кем дегенде сәлемдесу, адамның эмоциясын қайталау. Робот «Шолпан» деп аталып кеткендіктен ол роботтың даусын әйел адамның дауысына өзгерту, басқа да қосымша дыбыстар, сигналдар жіберумен айналысу сияқты функцияларды қосу жоспарда бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде