{metadescription}
Талдықорғандағы атылып өлген сержанттың суицидке баруына қызметтің қатысы жоқ
Талдықорғандағы атылып өлген сержанттың суицидке баруына қызметтің қатысы жоқ

Талдықорғандағы атылып өлген сержанттың суицидке баруына қызметтің қатысы жоқ

Суицидке қызметтің қатысы жоқ. Бүгін Ішкі әскер басшылығы Талдықорғандағы өз-өзіне қол салған сержантқа қатысты осындай мәлімдеме жасады. Айтуларынша, келісім-шартпен қызмет еткен сарбаздың мұндай қадамға баруына басқа себептер болған. Ал хатта әскери бөлім басшыларын айыптаған жоқ деп отыр. Дегенмен марқұмның туыстары мүлдем басқа пікірде.Әлі күнге дейін орнынан қозғалмаған тергеу амалдары, істі жылы жабу үшін жасалып жатыр дейді олар.

№5514 әскери бөлімінде қызмет қылып, әскерге 9 жылын арнаған сержант Бауыржан Қарықбаевтың қазасы қазір айтылмаған құпияға толы. Қызмет орнында атылып өлердің алдында соңғы хат жазып қалдырғанын айтқанбыз. Марқұм мұндай қадамға баруын әскери бөлім басшылығын тарапынан көрген қысымның салдары депті. Хатты алғаш оқыған марқұмның апасы сол сөйлемдерді есіне түсірді.

Гүлжан Есенбай, Б. Қарықбаевтың апасы:

- Былай делінген мен ылғыйда осылай ақша бере алмаймын. Бөтен біруге бергенімше оданда өз отбасыма бермеймін бе. Менің дәлелдегенімді күтсеңдр ендеші міне дәлелдеймін.

Қызмет орнына күш көрсетті дегендерге қарсы соңғы қадамын қылған  сержанттың ісіне қатысты бүгін Ішкі әскери басшылығы мәлімдеме таратты. Зер салсақ, хаттағы кінәлілердің тізімі жазылды деген өтірік, суицидке қызмет емес, жеке бастың қиыншылықтары себеп депті. 2006 жылы Алматының Қалқаман ықшамауданындағы анасының үйін кепілге қойып банктен 59 мың доллар несие алған екен. Соны дер кезінде қайтара алмаған көрінеді. Сержантты соңғы оқыс қадамға итермелеген осы белшеден батқан қарыздары себеп делінген мәліметте. Дегенмен бұған марқұмның ағайын-туыстарының сенгісі жоқ. 

Гүлбану Байзиева, Б.Қарықбаевтың анасы:

- Әскери бөлімнің басшылығы оны қызмет орнынан қуып шығу үшін бәрін жасады. Тіптен бірнеше ай бойы айлығын бермей қойды. Бастықтары баламның банк карточкасында тартып алған. Ол аз болғандай аула сыпыртып, еден жууға да жұмсаған. Осының бәрі ұлымның намысына тиді. Өлімге еріксіз итермеледі. Хатында айыптыларды тізіп жазған, оны жасырып отыр.

Марқұмның артында жанарлары жәудіреп 3 баласы қалды. Суицидке барған сарбаздың соңғы сапар алдында жазып қалдырған хатында нақты не бар, бізге беймәлім. Бірақ о дүниеге аттанардан санаулы минут бұрын жұбайына ұялы телефонмен хабарлама жіберген екен. Сол сақтаулы қалыпты.

Аяулым Тоқбаева, Б.Қарықбаевтың жұбайы:

-  Жаным мені кешірші. Сенің сеніміңді ақтай алмадым.  Осылай болғаны өкінішті, бірақ мен шарасыз қалдым. Басқа амалым қалмады.  Мен  шарасыз  қалғандықтан о дүниеге аттанданды жөн көрдім. Кош бол бітіңнен сүйдім.  Баука.

Сержантты суицидке не итермеледі, қарыз ба әлде басшы мен қосшылардың алдындағы негізсіз парыз ба? Қазір қылмыстық іс қозғалып Бауыржан Қарықбаевтың өліміне қатысты деректер майшаммен қаралуда. Бұл жолы жабулы қазан жабулы күйінде қалмас, елдің алдында әбден еңсесі түскен әскери саланың былығы бетке шығар. Естеріңізге салсақ, бұл соңғы екі аптадағы Ішкі әскери қатарындағы үшінші сарбаз өлімі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде