{metadescription}
Жамбылдық кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалып, әйелі мен келінін өлтіріп кетті
Жамбылдық кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалып, әйелі мен келінін өлтіріп кетті

Жамбылдық кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалып, әйелі мен келінін өлтіріп кетті

Жамбыл облысының Мерке ауданында мал сатумен айналысатын ірі кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды. Түн жамыла баса-көктеп кірген қос қылмыскер бизнесменнің әйелі мен келінін өлтіріп, 3 млн теңгені қолды қылған. 

Үй иесінің өзі қазір ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр. Қаскөйлер оларды балталап өлтірмек болыпты. Әрқайсысының денесінде оннан астам соққы іздері бар. Бас сүйектері езіліп кеткен екі әйел сол жерде жантәсілім етіпті. Тіпті 23 жастағы келіншектің аяғы ауыр болғанына қарамастан қарақшылар оның көзін ойып алған. Ал полицияны қаскөйлердің қолынан сытылып үлгерген үлкен ұлы шақырыпты. Қазір қарақшыларды іздеуге ауданның барлық полиция құрамы жұмылдырылған. Алдын-ала мәлімет бойынша олардың бірі әйел адам болуы мүмкін. Сондай-ақ ақшаның жатқан жерін білгеніне қарағанда, олар кәсіпкерді жақсы таныған сыңайлы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.