{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасауға оқталған 2 жігітке қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасауға оқталған 2 жігітке қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасауға оқталған 2 жігітке қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасауға оқталған екі жігітке қатысты сот үкімі шықты. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік департаменті ғимаратының күлін көкке ұшырып, басшыларына қастандық жасамақ болды деп айыпталған олар 4 және 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Ақтөбеге жұмыс іздеп келген Батыс Қазақстан облысының алты тұрғыны  полицейлердің сезігін туғызыпты. Тергеу кезінде араларындағы 29 жастағы Айбек Таңатаров пен Елтай Елеуовтың дін жолында жүрген жігіттерге жиһад жариялау туралы үгіт-насихат жүргізгендігі белгілі болады. Олардың жоспары бойынша, Ұлттық қауіпсіздік департаментін жарған соң, туған ауылдары Жәнібек ауданында бой тасаламаққа бекінген. Осылайша соңғы екі жылда  полициямен қарулы қақтығыс кезінде қайтыс болған экстримистік топ мүшелері үшін кек қайтармақ болыпты-мыс. Абырой болғанда олар арам ойларын жүзеге асыруға үлгермей ұсталды. Әйтсе де сотталушылардың туыстары осындай айыптаулармен келіспей отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде