{metadescription}
ҰОС кезінде хабарсыз кеткен 2 қазақ жауынгерінің сүйегі табылды
ҰОС кезінде хабарсыз кеткен 2 қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

ҰОС кезінде хабарсыз кеткен 2 қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Ресейде Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен екі қазақ жауынгерінің сүйегі табылды. Көрші елде іздестіру жұмыстарын жүргізгендер енді олардың туыстарын табуды мақсат етіп отыр.

Новгород облысында екі аптаға созылған іздестіру жұмыстарына екі мемлекеттің 28 жасағы  қатысқан. Олар алты жүзге жуық жауынгер сүйегін тауыпты. Олардың екеуі қазақ. Бірі Семей өңірінің тумасы Жақып Тапқанов 1942 жылы қайтыс болған.Ол Алматыда құрылған 100-ші атқыштар бригадасының құрамында майданға аттаныпты. Ал екіншісі қызылордалық Жүсіпбек Кәрібаев 74-ші теңіз атқыштар бригадасының құрамында соғысқан. Жақындары табылса жауынгерлер сүйегі жерленген қорымды көрсетер едік дейді іздестіру тобындағылар. Сонымен қатар екі елдің өкілдері қоғамда біраз шу тудырған Әлия Молдағұлованың бейітіне қатысты тамыз айында қазба жұмыстарын жүргізбекші. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде