{metadescription}
Көкшетауда жаңа туған шаранасын лақтырып тастаған әйел табылды
Көкшетауда жаңа туған шаранасын лақтырып тастаған әйел табылды

Көкшетауда жаңа туған шаранасын лақтырып тастаған әйел табылды

Көкшетауда жаңа туған шаранасын қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен безбүйрек ана табылды.

Өлі баласының денесін қапшыққа салып алып, ұры мысықтай сақтықпен қоқыс жәшігіне қарай келе жатқан тасбауыр ананы сол маңдағы ғимараттардың біріне орнатылған бейнекамера түсіріп тұрған. Іштен шыққан сәбиін далаға лақтырған әйел тіпті артына бұрылып та қарамай зытып барады. Тәртіп сақшылары осы бейнетаспаны қарап, 27 жастағы әйелді анықтады. Жеке фирмада тігінші болып істейтін ол  үйінде жалғыз өзі босанып, баланың сол қолын босану кезінде жұлып алған. Айы күні толып туған нәресте қолы жұлынып қалған соң, қансырап өлгенге ұқсайды. Күйеуімен ажырасқан келіншектің ауылдағы ата-анасының қолында 4 жасар баласы өсіп жатыр екен. Екінші баланың тууын «қаламап» едім депті қылмысы әшкере болған әйел. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде