{metadescription}
Банк қызметкері әйелін тура жұмыс кабинетінде пышақтап өлтірді
Банк қызметкері әйелін тура жұмыс кабинетінде пышақтап өлтірді

Банк қызметкері әйелін тура жұмыс кабинетінде пышақтап өлтірді

Петропавлда банкир өз кабинетінде әйелін пышақтап өлтірді. Мұнан кейін есікті кілттеп, түскі үзіліске кеткен кейіппен қала сыртындағы тоғайға барып, асылып қалған. Бақилық болған ерлі зайыптылардың артында жеті жасар ұлдары қалды.     

Жұбайлардың соңғы кездері дәм-тұзы жараспай жүрген екен. Кезекті даудан кейін зайыбы ұлын алып төркініне кетіп қалыпты. Келіншек күйеуіне өз ата- анасының үйіне келуіне тыйым салып, баласымен кездесуге де рұқсат бермеген. Бірақ ұлын сағынған жігіт, оны үйіне алдап алып кетіпті. Осыған ашуланған келіншек күйеуі жұмыс істейтін банкке келіп, жанжал шығарған. Банк қызметкері сол жерде зайыбын пышақтап өлтірген. Артынша кабинетін жауып, түк болмағандай кетіп қалады. Оның мүрдесі ертеңіне ағашқа асылған күйі табылды. Өзіне қол салмас бұрын жігіт туған-туыстарына ақырғы сөзі жазылған хат қалдырыпты.        

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде