{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Винченцо Нибали, отандық велоклуб «Астанамен» жаңа келісімшарт жасады. Екіжақты келісім бойынша 28 жастағы италиялық велошабандоз 2016 жылға дейін «Астананың» сапында өнер көрсетеді.

Маусым басында «Ликвигаздан» ауысып келген Нибали, велоспорт әлеміндегі мықтылардың бірінен саналады. Биылдың өзінде Винченцо ірі жеңістермен көзге түсті. Атап кетсек, «Джиро д’Италия»  мен «Тиррено Адриаткиода» алдына жан салған жоқ. Сондай-ақ, 2010 жылы ол көпкүндік супервелодода «Вультаның» бас бәйгесін еншіледі. Қазақстандық велокоманда эстониялық Танел Кангертпен де келісім шартты ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізуде.

 

 

«Ролан Гарростың» ақтық сынында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Серена Уильямс пен Мария Шарапова кездеседі. Ресейлік Мария Шарапова жартылай финалда беларусь теннисшісі Виктория Азаренкодан алда болды.

Алғашқы сеттегі бәсеке 6:1 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Есесіне келесі кезеңде ширақ қимылдаған Азаренко, аса тер төкпей-ақ таразы басын теңестірді. Бұл сеттегі есеп 6:2. Дегенмен шешуші кезеңде белсенділік танытқан Мария Шарапова, түбі жеңісті жұлып кетті. Серена Уильямс пен Сара Эррани арасындағы жартылай финал көпке созылған жоқ. Бірінші сетте қарсыласын 6:0 есебімен таза ұтқан Серена, келесі кезеңде де қарсыласының адымын аштырмады. Есеп 6:1. Сонымен алдағы сенбіде Серена Уильямс пен Мария Шарапова арасындағы кезекті теке-тіресті тамашалайтын боламыз.

 

 

Бүгін футболдан 2014-ші жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 5 кездесу ойналмақ. Орталық матчта Ғ тобының басты фавориттары Португалия мен Ресей құрамалары кездеседі.

Фабио Капелло шәкірттері әзірге өз тобында көш бастап тұр. Италиялық маман келгелі ресейліктер жеңілмек түгілі қақпасына бірде-бір доп жібермеген. Ал Криштиану Роналду бастаған жігіттер Мәскеуде 1:0 есебімен жол берген болатын. Бұл кездесудегі жалғыз голдың авторы Александр Кержаков. 6 кездесуден кейін бар жоғы 11 ұпай еншілеген португалдықтар өз жанкүйерлері алдында қарымта қайтаратындарына сенімді. Матч Астана уақытымен түнгі сағат 1:45-те басталады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.