{metadescription}
Ақмола облысында судья 17 жастағы жүкті келіншекті көлігімен қағып өлтірді
Ақмола облысында судья 17 жастағы жүкті келіншекті көлігімен қағып өлтірді

Ақмола облысында судья 17 жастағы жүкті келіншекті көлігімен қағып өлтірді

Ақмола облысында судья мінген көлік жүкті келіншекті қағып өлтірді. 17 жастағы азаматша құрбысы екеуі жол шетімен келе жатқан екен. Қатты соққыдан ол ауруханада ес жимастан көз жұмған. Дәрігерлер ішіндегі 7 айлық шақалақты да сақтап қала алмады. Ал Еңбекшілдер ауданы сотының төрағасы Қайрат Тоқсанбаевтің өзі машинаны інім тізгіндеді, мен қасында отырдым деп ақталуда. Алайда, жол апатын өз көзімен көргендер рөлде судья болғанын жазбай танып отыр. Тіпті удай мас болғанын айтауда. 

Жөкей ауылының жұрты осыдан екі ай бұрын ғана Диана мен Шыңғыстың үйлену тойларына жиналған. Кәмелетке жасы толмаса да, тұрмысқа шығуға асыққан жас қыз міне бүгін, шілде айында өмірге келуге тиіс сәбиімен бірге ақтық сапарға аттанып барады.

Оны көлік соққанда, іштегі нәрестенің басына қатты зақым келген. Тіпті, дәрігерлер құрсағын тілгенімен де сәбиді құтқарып қала алмады.

Болат Әлжанов, марқұмның әкесі:

- Мұны істеген кісіні біліп отырмыз. Бірақ оны бізден жасырып жатыр. Ең болмаса келіп кешірім сұраса ғой... Одан ештеңе де керек емес. Ол біз үшін адам емес.

Оқиға Жөкей ауылынан 15 шақырымдағы Степняк кентінде орын алған. Марқұм келіншектің қасында құрбысы болыпты. Айтуынша, жүйткіген көлік тротуарға бір-ақ шығып, шетте келе жатқан Диананы ұшырып жіберген. 

Виолетта Махагон, куәгер:

- Диана ішімен көлікке құлады да ұшып кетті. Жылдамдығы тым жоғары болатын. Көліктен аяғын әрең басып бір мас  адам шықты. Одан басқа ішінде ешкім болған жоқ.

Сағындық Лекерова, куәгер:

- Көршілер көрді мынау, екі-үш көрші жүгіріп келді. Рөлде бір-ақ адам болды. Меніңше, мас күйде. Теңселік кле жатты..

Ал Еңбекшілдер ауданы сотының төрағасы Қайрат Тоқсанбаев «көлікті інім тізгіндеді», -деп ант-су ішіп отыр. Айтуынша, өзі қасында отырған.

Қайрат Тоқсанбаев, Еңбекшілдер аудандық сотының төрағасы:

- Мен рульде болған жоқпын. Алдымыздан екі қыз шыға келді.

- Тротурарға шығып кетіпсіздер ғой?

- Тротуарға шыққан жоқпыз. Ол жерде мені мас деп те айтты. Мүмкін жүгіріп жүрген жалғыз болған шығармын.

- Ініңіз қайда кетті?

- Қайда кеткенін қайдан білейін?

Судьяның туыстары келіп, қара жамылып отырған отбасына 20 мың доллар ауызбастырық ұсыныпты. Бірақ, қызы мен немересінен бір мезетте айырылғандар, қаржы емес, нағыз кінәлінің жазалануын талап етуде. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тек оқиға куәгерлерінен әлі жауап алынбаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.