{metadescription}
Ақтөбеде 1 жарым жастағы бүлдіршін көлікпен 4 жасар баланы қағып өлтірді
Ақтөбеде 1 жарым жастағы бүлдіршін көлікпен 4 жасар баланы қағып өлтірді

Ақтөбеде 1 жарым жастағы бүлдіршін көлікпен 4 жасар баланы қағып өлтірді

Ақтөбеде 1 жарым жастағы бүлдіршін көлікпен төрт жасар баланы қағып өлтірді. Тілі әлі шықпаған сәби машинада ойнап отырып кілтті бұрап жібергенде, жеңіл көлік орынынан қозғалып, жүріп кеткен.

Осы кезде маңайда велосипед теуіп жүрген 4 жастағы Айбол Қаратауовты басып өтіп, дуалға соғылып бір-ақ тоқтайды. Бас, жамбас сүйегі, қабырғалары сынып ауыр жарақат алған бала ауруханаға барар жолда мерт болды. Жалғыз ұлынан айырылған қаралы отбасы бөбегін көлігінде қараусыз қалдырған ата-ананы кінәлап отыр. Ең сорақысы, көліктің қозғалып келе жатқанын көрген рөлдегі баланың шешесі жол бойындағы Айболды алып кетуге әрекеттенбепті.  Сондықтан ешқандай да кешірімге келмей, жазаға тартуды талап етіп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.