{metadescription}
Т.Мұсабаевтың әріптесімізге көрсеткен ерсі қылығы ғаламторда қызу талқыға түсуде
Т.Мұсабаевтың әріптесімізге көрсеткен ерсі қылығы ғаламторда қызу талқыға түсуде

Т.Мұсабаевтың әріптесімізге көрсеткен ерсі қылығы ғаламторда қызу талқыға түсуде

«Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаевтың тілшілерге көрсеткен ерсі қылығы бүгін әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметкердің дөрекілігіне наразылық білдірген. Байқоңырдағы апатқа қатысты Үкімет кеңесінен шыққан соң Мұсабаев тілшілермен кездесу кезінде әріптесіміз Ербол Сейілханды балағаттап, кеудесінен итеріп жіберген болатын.

Міне, мына таспада тілшінің «Қазғарыш» төрағасына орын ұсынып жатқаны, ал оның өте ашулы күйде журналисті балағаттап, кеудесінен итеріп, жер-жебіріне жетіп, ұрысып тұрғаны анық көрінеді. Халық қаһарманының дәл осы ерсі әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде. Болған оқиғаға қатысты Мұсабаевтың өзі бүгін арнайы сұхбат беріпті. Шенеунік тілшінің өзі жолымды кесіп, орын бермей маған қарсы өретүрегелді деп жас балаша ақталып баққан. Ең сорақысы, Мұсабаев мырза Байқоңырдағы оқиға жайында әзірленген сюжетте апат туралы ауыз ашпай, тек тілші мен менің арамдағы кейкілжіңді көрсетуден ары аса алмаған деп арнамызға жала жапқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде