{metadescription}
Швейцарияда жүйрік пойыз бетпе-бет соқтығысты
Швейцарияда жүйрік пойыз бетпе-бет соқтығысты

Швейцарияда жүйрік пойыз бетпе-бет соқтығысты

Теміржолда тағы апат болды. Бұл жолы Швейцарияда жолаушылар тасымалдайтын қос пойыз бетпе-бет соқтығысып, машинисттердің бірі оқиға орнында опат болды. Жараланған тағы 40 адам бар.

Оқыс оқиға Гранж-пре-Марнан қаласы бекетінің маңында болған. Пойыздардың бірі келе жатқанда, ал екіншісі рейске шыққанда бетпе-бет соқтығысып отыр. Салдарынан, 40 адам түрлі жарақат алып, машинисттердің бірі тілге келместен сол жерде көз жұмды. Қазір пойыздардың бір жолға қалай шығып кеткенін арнайы мамандар анықтап жатыр. Соңғы кезде Еуропада теміржол апаты жиілеп кетті, яғни бұл соңғы бір айдың ішінде тіңркеліп отырған 3-ші оқиға. Естеріңізде болса, өткен апта ғана Испанияда жолаушылар тасымалдайтын жүйрік пойыз рельстен шығып, 79 адамның өмірін жалмаған болатын. Сондай-ақ, Париж маңындағы теміржол апатында да 7 жолаушы көз жұмды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде