{metadescription}
Семейлік зейнеткерлер қоғамдық көліктегі жеңілдіктен қағылды
Семейлік зейнеткерлер қоғамдық көліктегі жеңілдіктен қағылды

Семейлік зейнеткерлер қоғамдық көліктегі жеңілдіктен қағылды

Семейде жолаушы тасымалдаушыларға қатысты дау туды. Қоғамдық көлік иелері еш ескертусіз зейнеткерлерге арналған жеңілдіктерді алып тастаған.

Бұған дейін егде жастағылар жолақының жартысын төлесе, 70-тен асқандары тіпті тегін жүрген еді. Күтпеген жерден кондукторлар ата-әжелер мен батыр аналардан жолақыны толық төлеуді, яғни 60 теңге беруді талап етіпті. Бұл қай мазақ деген қарттар бірден әкімдікке шағымданған. Атқамінерлер автопарк иелерімен келіссөз жүргіземіз деген уәде беріп шығарып салған көрінеді. Ал жолаушылар тасымалымен айналысатындар әлеуметтік топ кесірінен тақырға отырмас үшін жергілікті биліктен шығынның жартысын өз мойындарына алуын сұрап отыр. Зейнетақысы тамағы мен дәрі-дәрмегінен аспайтын қариялар болса қандай да бір шара қолдануды талап етуде.

Ирина Романова, Семей қаласының тұрғыны:

- Менікі сияқты 30 мың теңге зейнетақы алатындар қайда барады!? Тамақ, дәрі-дәрмек аламыз ба, әлде жолға төлейміз бе? Біз сайлаған депутаттар, әкімдік қайда қарап отыр?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.