{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Алматы - дзюдодан тұңғыш рет әлемдік “Гран-При” бәсекесін қабылдады. Халықаралық дзюдо федерациясының қолдауымен өткен лицензиялық турнирде ерлер мен қыздар 14 медальдар топтамасын сарапқа салды. Екі күндік тартысты бәсекелерде палуандарымыз намысты қолдан берген жоқ. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алғашқы орыннан көрінді.

Алматыдағы әлемдік гран-приге 13 мемлекеттен 152 дзюдо шебері ат басын бұрған. Олардың барлығы бас жүлдеден бөлек лицензиялық ұпайларға таласты. “Гран-Придың” алғашқы күні екі салмақта белдескен отандастарымыз қоржынымызға қос алтын салып берді. 60 келідегі үмітіміз Елдос Сметов пен 66 келіге дейінгі салмақта  Елдос Жұмаханов бас бәйгеге қол жеткізген болатын. Ал Айбек Имашев пен Ертуган Төренов күміспен күптелді. Турнирдың екінші күні 90 және 100 келідегі татами тарландары Максим Раков пен Ислам Бозбаевта өз салмағында теңдесіз екендігін дәлелдеді.

Дастан Ықыбаев, “Гран-При” жүлдегері:

- Өте қуаныштымын осындай “Гран-При” сияқты үлкен жарыстар Алматыда өтіп жатқанына. Бұл енді көптеген қаракөздерге жол ашады деп ойлаймын. Өзіміз сияқты күресіп жүрген бауырлар үлкен көрсеткішке қол жеткізді.

Мәртебелі турнирға арнайы келген Халықаралық Дзюдо Федерациясының Президенті Мариус Визер де жарысқа жоғары бағасын беріп, алдағы үш жылда Гран-При турниры Алматыда өтетінін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан 2015-ші жылы Астанада әлем чемпионатын қабылдау құқына ие болды.

Мариус Визер, Халықаралық Дзюдо Федерациясының Президенті:

- Әлем чемпионатын қабылдауға Қазақстаннан бөлек: Венгрия, Біріккен Араб Әмірліктері және Моңғолия үміткер болған. Бірақ дүние жүзілік бәсекені сіздердің елдеріңізде өткізсек өкінбейтінімізге көзім жетіп отыр.    

Енді тура бір жылдан кейін Алматыда дәл осындай дзюдо академиясы бой көтермек. Ірге тасы енді қаланатын бұл оқу орны елімізге бірнеше Олимпиада чемпионын сыйлары сөзсіз.

 

 

28- турдың нәтижесі премьер лига кестесіне белгілі бір дәрежеде септігін тигізгендей. Турнир кестесіндегі бұл өзгеріс қола жүлденің ізіне түскен үміткерлер қатысты.  Ал, биылғы чемпионаттың алтыны мен күмісін «Ақтөбе» мен «Астана» бөліске салатыны белгілі болып қалған.   

Осы турдың алдында  алғашқы үштіктен үш бірдей команда дәмелі болған.  Олар-  «Шахтер»,«Қайрат» және  «Ертіс». Бірақ 18-турда  «Қайрат» пен «Шахтер» мүлт кетті. Бәрінен де  «Ақтөбемен» тоқсан минут бойы тең ойнаған «Қайраттың», соңғы сәтте сан-соғып қалғанын айтыңыз.  Есеп ашылмаған қос тайм аяқталып, кездесудің қосымша минуттары жылжыған тұста ақтөбеліктер гол соғып кетті.   Ойын тағдырын шешкен доп Петр Бадлоның есебінде. Қола медальдан Қарағандының «Шахтері»  де  қағылғандай. Еліміздің былтырғы чемпионы  Павлодарда жергілікті «Ертістен» ұтылды. Осы жеңістен кейін үшінші сатыға нық жайғасқан  «Ертіс»,  төртінші орындағы «Шахтерден » төрт ұпайға ұзады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде