{metadescription}
«Барыс» көш бастады
«Барыс» көш бастады

«Барыс» көш бастады

Шайбалы хоккейден Құрлықтық Лиганың тұрақты чемпионатында Астананың “Барысы” өз тарихында тұңғыш рет турнир кестесінде көш бастады. Кезекті ойын күні Мәскеудің “Спартак” командасына қонаққа барған Ари Пекка Селин шәкірттері 4:3 есебімен жеңісті тойлады.

Кездесуді ширақ бастаған астаналықтар не бары 3-ші минутта Роман Савченкодан пас алған Джош Грэттон “Спартак” қақпасынан саңлау тапты. Сондай-ақ “Барыс” сапында Константин Руденко мергендігімен көзге түсті. Үзілістен кейін астаналықтар Михаил Рахманов пен Майк Ландин есепті еселей түсті. Тек осыдан кейін ойында айтарлықтай басымдыққа ие болған айдын иелері Ари Ахонен қақпасына 3 шайба соқты. “Барыс” 11 кездесуден кейін 27 ұпаймен Құрлықтық лигада көш бастап тұр. Астаналықтар келесі бәсекесін 8-ші қазанда “Витязь” командасына қарсы өткізбек.

 

 

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші айналымында “Манчестер Сити” өз алаңында “Баварияны” қабалдаған. Орталық матчта Мануэль Пеллегрини тәлімгерлері қонақтарға лайықты қарсылық көрсете алған жоқ.

Төреші ысқырығы естілісімен ойын тізгінін алған мюнхендіктер көп ұзамай есеп ашты. Сол қапталмен жүйіткіген Франк Рибери айып алаңға жетпей жойқын соққы жасаған. Қақпаның жақын бұрышын жаппаған Джо Харт өрескел қателік жіберді. Екінші таймда “Сити” ойыншылары тағыда сан соғып қалды. 56-шы минутта Томас Мюллер қонақтардың екінші голын соққан. Арада не бары үш минут өткенде голландия құрамасының ойыншысы Арьен Роббен таблодағы есепті 3:0 ге жеткізген. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға 10 минут қалғанда шабуылда ширақ қыймылдаған алаң иелері тек бір голмен жауап қайырды. “КТК” арнасында футбол мерекесі жалғасады. Бүгін түнгі сағат 22:00 де сіздер біздің арнада европа лигасы аясында қарағандылық “Шахтер” мен “Маккаби” арасындағы бәсекені тікелей эфирде тамашалай аласыздар.                 

 

 

Бүгін  Ташкентте дзюдодан әлемдік Гран-придің кезекті додасы жалауын көтерді.  Алматыда өткен Гран-приде  командалық бірінші орынды иеленген Қазақстан құрамасы , Ташкенттегі додаға   25  балуан қосып отыр.

Алматыдағы Гран-при жеңімпаздары  Елдос Сметов, Елдос Жұмаханов, Ислам Бозбаев және Максим Раков  демалыс алғанға ұқсайды.

Есесіне Ташкент төрінде Алматыда олжа салған тағы бір балуанымыз  Гүлжан Исанованы көретін боламыз. 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Гүлжаннан бұл жолы да  үмітіміз зор. Әлемдік Гран-При  - Халықаралық дзюдо федерация аясындағы лицензиялық турнир болып саналады.  Яғни Гран-придегі жеңіс спортшыларға  рейтингілік ұпай жинауға мүмкіндік береді. Мысалы жарыс   жеңімпазы 300,  ал  екінші  мен үшінші орындарды бөліскендер өз есебіне  180 және 120 баллдан жазады.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде