{metadescription}
Елімізде жат ағымның құрсауынан құтыла алмай жүргендер саны артып барады
Елімізде жат ағымның құрсауынан құтыла алмай жүргендер саны артып барады

Елімізде жат ағымның құрсауынан құтыла алмай жүргендер саны артып барады

Шіркеудің шырмауына мықтап маталғандар! Елімізде батыстан бастау алған діни бірлестіктердің құрсауынан құтыла алмай сорлап жүргендердің саны күрт артып отыр. Солардың бірі - 20 жастағы Балжан. Өгей әкесі «Қуаныш» діни бірлестігінің пасторы оны бұғанағы қатпай жатып шіркеуге қамаған. Жас қызға көсемнің көрсетпегені жоқ. Әбден адасқан бойжеткен бүгінге дейін бірнеше ағымды ауыстырып та үлгеріпті. «Иса пайғамбардың етіп жеп, қанын іштім» дейді өзі.

БалжанАстанадағы «Күйзеліс» орталығында төртінші ай ем қабылдап жүр. Өгей әкесі «Қуаныш» атты әрекеті күдікті діни ұйымда  пастор. Көсем асыранды қызын 10 жасынан бастап жат ағымның жетегінде жүруге күштеп міндеттепті. Ең сорақысы оның анасы да соқыр сенімнің соңында кеткен күйеуін қолдап, туған  қызынан бас тартқан.

Балжан, «Жаңа өмір» шіркеуінің мүшесі:

- Бірнеше рет әкем үйден қуып шыққанда айтқан сөздері есімде. Егер сен діннен бас тартсаң, қандай жағдай сенімен болып кетеді, өлім аузынан қалсаң да ол оны қызықтырмайды. Яғни діннің мәртебесі жоғары тұрады.

Балжанның балалық шағы еркінен тыс шоқынумен өтіпті. Тіпті мектепте де мандытып білім алмады. Өйткені, пірәдар әке оны күні-түні діни оқулыққа үңілтіп қойған. Үйде де, шіркеуде де әбден қысым көрген қыз былтыр бәрін тастап «Жаңа өмір» бірлестігіне қашып кеткен.

Алайда 20 жастағы қыз бұл бірлестіктен де береке таппағанын айтады. Мұнда да жүздеген адам жиналып құрамы күдікті қызыл сусын ішеді, айқайлайды, жылап-сықтап, жерге құлап құлшылық етеді екен. Тіпті Иса пайғамбардың тәнінен дәм таттық дейді. 

Балжан, «Жаңа өмір» шіркеуінің мүшесі:

- Ол рәсім, яғни Иса Пайғамбардың еске алу күні. Нанды оның тәні ретінде қабылдау және шырын береді оны қаны ретінде қабылдау қажет. Сол шырынға белгісіз нәрсені құйып,  пайдаланады. Мен оны өз көзіммен көрдім.

Күйзеліс орталығындағылар «Балжан сынды шіркеудің рақымына бөленемін деп барып, опық жеп қайтқандардың саны көп» дейді. Психологтар алдына келген адамдармен сөйлесіп үлгере алмайтын көрінеді.

Анна Рыль, «Көмек» күйзеліс орталығының директоры:

- Соңғы кезде Қазақстан үшін дәстүрлі емес, діни ағымдардың қатары көбейіп кетті. Олардан зардап шеккен азаматтардың саны да  күрт артып отыр. Бізге адасқан,  бар мүлкінен айырылғандар жиі көмек сұрап келеді. Мұндай ұйымдарды шетелдіктер қаржыландырады, сондықтан олардың діндерін насихаттау мүмкіндіктері мол.

Ең сорақысы, аңқау елге арамза молда болған миссионерлердің соңынан ергендердің басым бөлігі қазақтың ұл-қыздары. Төрімізде тайраңдаған діндарлардың басынғаны соншалық, апталдай азаматтарға  ұлттық шапанымызды жауып, аллилуйяны ана тілінде айтқызып қойды.

Елімізде еркін жайлаған жат ағымдардың кесірінен қазір қанша адаманың өмірі қор болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені, атауы бөлек болғанымен мақсаты ортақ діни бірлестіктерден көз сүрінеді. Ал, шіркеуден жапа шеккендер үшін 114 нөмірінде арнайы мамандар қызмет көрсетеді, заң тұрғыда кеңес береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.