{metadescription}
Мәжілістің экс-спикері Орал Мұхаметжанов өмірден озды
Мәжілістің экс-спикері Орал Мұхаметжанов өмірден озды

Мәжілістің экс-спикері Орал Мұхаметжанов өмірден озды

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов өмірден озды. 65 жастағы қоғам қайраткерінің жүрегі соғуын кеше түнде тоқтатқан. Ал қаралы хабар бүгін Мәжілістің кезекті отырысынан елге тарады. Депутаттар әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов президенттің сенімді серіктерінің бірі болатын. Көп сөзге жоқ, томаға-тұйық нағыз істің адамы еді деп еске алады әріптестері. Бірақ соңғы уақытта қатерлік ісік ауруына шалдығып Германияда бірнеше рет емделіп қайтқан. Бойын меңдеген дерті жайлы жанында жүрген әріптестері де білмейтін болып шықты. Соған қарамастан   жұмысын тастамады, осы кабинетте отырып заң шығару ісіне белсене араласты. Орал Мұхамеджанов Мәжілістің үшінші, төртінші шақырылымдарының төрағасы болды. Кезекті Мәжіліс сайлауынан соң спикерліктен босатылды. Бұған денсаулығы әсер етсе керек, бірақ кейін   депуттатық мандатқа ие болды. Қайғылы қазаға орай, Мұхамеджановтың отбасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты. Марқұммен қоштасу ертең Астанадағы «Көрме» залында өтеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.