{metadescription}
Алаш жұрты Орал Мұхамеджановты ақтық сапарға шығарып салды
Алаш жұрты Орал Мұхамеджановты ақтық сапарға шығарып салды

Алаш жұрты Орал Мұхамеджановты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алаш жұрты Орал Мұхамеджановты соңғы сапарға шығарып салды. Көрнекті қоғам қайраткерімен қоштасу Астанада өтті.

Мәжілістің бұрынғы спикерімен қоштасуға бүкіл Парламент мүшелері, бұрынғы депутаттар, министрлер мен үзеңгілес замандастары келді. Естеріңізге салсақ, Орал Мұхамеджанов 65 жасқа қараған шағында ауыр сырқаттан көз жұмған еді. Кезінде Мәжілістің қос шақырылымына төрағалық еткен ол күні кешеге дейін төменгі палатаның депутаты болды. Мұхамеджанов өткен айда ғана өзі туған Қостанай облысының тұрғындарымен кездесіп, жұрттың мұң-мұқтажын естіп қайтқан екен. Әріптестерінің айтуынша, ол өнерге де жақын адам болған. Әнді нақышына келтіріп орындағанын көріп, талай рет таңдай қаққан едік деп еске алады замандастары. Марқұмның артында жары мен ұл-қыздары қалды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде