{metadescription}
Президент екі бірдей министрді қызметтен босатты
Президент екі бірдей министрді қызметтен босатты

Президент екі бірдей министрді қызметтен босатты

Елбасының қатал сынына ұшыраған Үкіметте алғашқы ауыс-түйістер басталды. Жаппай сөгіс естіген орынбасарлардан соң кезек бірінші басшыларға жетті. Бүгін президент күтпеген жерден 2 бірдей министрді жұмыстан босатты.

Алдымен бюджеттен бөлінген миллиардтардың игерілмеуіне байланысты жиі дауға қалып жүрген Қаржы министрі қызметінен алынды. 6 жыл есеп-қисапқа жауапты болған Болат Жәмішевке лезде жаңа портфель табыла кетті. Енді ол бүгіннен бастап Өңірлік даму министрі. Бұл жаңадан құрылған ведомстваны облыстық әкімдіктердің жұмысын үйлестіре алмай отыр деп жақында Елбасы қатал сынаған еді. Жәмішевтың орнына президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Ал өңірлік даму министрлігін басқарып және премьердің орынбасарлығын қатар алып жүрген Бақытжан Сағынтаевтың лауазымы өсті. Енді ол бірінші вице-премьер. Есілдің сол жағалауында тағы бірнеше кадрлық өзгерістер күтіліп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.