{metadescription}
Сатып алған үйінен қару-жарақ қоймасын тауып, аяқасты миллионер атанды
Сатып алған үйінен қару-жарақ қоймасын тауып, аяқасты миллионер атанды

Сатып алған үйінен қару-жарақ қоймасын тауып, аяқасты миллионер атанды

Ақтау қаласының тұрғыны күтпеген жерден миллионер атанды. Ол таяуда ғана қоныс тойын тойлаған баспанадан екі винтовка, ескі мылтық пен 17 мыңдай оқ-дәрі тауып алған.

Күтпеген жерден олжалы болған әйел таңданысын айтып тауысар емес. Зат қоятын бөлмеде үйілген қару-жарақ бір топ жасақты жарақтауға жетеді екен. Алдымен тапқанын қоқысқа лақтырып тастамақ болған ол, кейін полицияға тапсыруды ұйғарыпты. Тәртіп сақшылары қабылдаған заттарды бірнеше сағат бойы санаған. Есепке алынған қарудың ішінде алтыатар, шағын калибрлі екі винтовка мен 17 мың оқ-дәрі бар. Тәртіп сақшылары соншалықты көп қарудың тұрғын үйге қайдан келгенін болжай алмай бас қатыруда. Ал, өз еркімен барлығын полицияға тапсырған әйел бір жарым миллион теңге көлемінде сыйақы алмақ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.