{metadescription}
Елімізде су, жарық, жылу тіпті пойыз билеті тағы қымбаттады
Елімізде су, жарық, жылу тіпті пойыз билеті тағы қымбаттады

Елімізде су, жарық, жылу тіпті пойыз билеті тағы қымбаттады

Елімізде коммуналдық төлемдер тағы қымбаттады! Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бір ай бұрын су бағасын көтерсе, енді жылу мен жарықтың бағасын шарықтатып отыр.

Шенеуніктер өздеріне шаң жуытқысы жоқ. Мұндай қадамға «амалсыздан барып отырмыз» деп ақталды. Себебі, коммуналдық қызмет бағасын елдегі жанар-жағармайдың өсуімен және құбыр жүйелерінің ескіргенімен байланыстырады. Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларында жылу 8 пайызға өскен. Жарық пен газдың да бағасы әр килловаты үшін 1 теңгеге қымбаттаған. Алайда, агенттіктің бұл шешімі қарапайым тұрғындарды ғана емес, Парламент депутаттарының да ашу-ызасын тудырды. Олар салық төлеушілердің қаржысы инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады дегенге сенбейміз деп отыр.Сондықтан, құзырлы органдарға агенттік жұмысын  жаппай тексеруді ұсынды. Егер депутаттардың өтініші бойынша, тексеру басталса, онда таяқтың бір ұшы теміржолшыларға да тимек. Өйткені, пойыз бағасы да  7 пайызға шарықтаған.  

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

-Энергетиктер жұрттың қалтасын қағып жатыр. Олар шын мәнісінде материалдық базаны жақсартуға болмашы ғана қаражат бөледі. Сондықтан, құзырлы органдар монополистердің ісіне араласып, тез арада оларды тексерулері тиіс. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде