{metadescription}
Жалағаш тұрғыны 170 келі тартатын  тайды көтеріп рекорд орнатты
Жалағаш тұрғыны 170 келі тартатын  тайды көтеріп рекорд орнатты

Жалағаш тұрғыны 170 келі тартатын тайды көтеріп рекорд орнатты

«Салават Юлаев» пен «Барыс» арасындағы плей-оффтың екінші раунды аясындағы  төртінші матч,  башқұрттардың пайдасына шешілді.  Алма –кезек шабуылға ұласқан алғашқы екі кезең нәтижесіз аяқталды.

Есесіне Уфадағы бәсекенің үшінші бөлігінде қақпадан табылған  шайбалар саны аз болған жоқ. Алдымен Игорь Миронов «Салават Юлаевты» алға шығарса, көп ұзамай Найджел Доус таразы басын теңестірді. Алайда қарап қалмаған айдын иелері Дмитрий Макаровтың көмегімен   қайта алға шықты.  Аянып қалмаған «Барыс» ойын соңына санаулы секундтар қалғанда есепті тағы да теңестіріп үлгерді.  Бұл жолы Майк Ландин  мергендік танытты.  Бірақ овертаймның бесінші минутында Виталий Еремеевті қапы қалдырған Кирилл Кольцов уфалық жанкүйерлерге жеңіс сыйлады. Сонымен төрт кездесудің нәтижесі бойынша  3:1 есебімен  алға шыққан «Салават Юлаев », әзірге жарыстың келесі сатысына бір табан жақындай түсті. 


Мюнхендік “Бавария” Германия чемпионы! 27-ші турда берлинның “Гертасына” қонаққа барған Хосеп Гвардиола шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Германия ғана емес Еуропа футбол тарихында наурызда чемпионатта топ жарған команда бұрын соңды болмаған. Мюнхендіктер өздерінің былтырғы жетістігін жаңартты. Естеріңізге сала кетсек Юпп Хайнкес баптаған “Бавария” сәуірдің 6-да жеңісті тойлаған болатын. Берлиндегі “Олимпиаштадионда” қонақтар жеңілгеннің өзінде чемпиондықты уысынан шығармасы анық еді. Өйткені Мюнхендіктердің жақын қарсыластары “Боруссия” мен “Шальке” дортмундта 0:0 есебімен тең тарқасқан. Чемпионат аяқталуға әлі 7 тур бар. Ендігі кезекте “Бавария” футболшылары басты назарды чемпиондар лигасына аударары сөзсіз.       

Бүгін Алматыдағы Достық спорт кешенінде даңқты палуан Даулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін республикалық турнир жалауын көтерді.

Дәстүрлі бәсекеге 1997-1999 жылғы спортшылар қатысуда. Грек рим күресін жетік меңгерген палуандар екі күн өзара кім мықтыны анықтамақ.Еліміздің барлық аймағынан жиналған 22 команда дәл қазір боз кілемнің көркін қыздырыуда. 10 салмақ дәрежесінде белдескен  186 палуанның ішінен алғашқы бес салмақта үздіктер белгілі. Ал қалған  жеңімпаздар ертең анықталмақ.                   

Қызылордада наурыз мерекесі күштілердің сайысымен жалғасты. Бұл өңірде күш атасы Қажымұқанның ізбасарлары жетерлік екен.

Наурыз мерекесі қарсаңында Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында білектілер жылқыны басына көтерді. Жиылғандардың арасынан озық шыққан Нұрлан Сенбеков 170 келі тайды иығына салып көпшілікке өз өнерін паш етті. Көрермендер ішінен тәуекелге барғандар аз болған жоқ. Бірақ жылқы көтерген майталманның ерлігін ешкім қайталай алмады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде