{metadescription}
Атақты Тото Кутуньо ән кешін өткізбек
Атақты Тото Кутуньо ән кешін өткізбек

Атақты Тото Кутуньо ән кешін өткізбек

Миллондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Тото Кутуньо Алматыда! 80-ші жылдары жұлдызы жарқыраған әйгілі италиялық әнші алдағы жұмада қазақстандық тыңдармандарымен қауышпақ.

Әнші, композитор Кутуньо араға 5 жыл салып жаңа бағдарламасымен Қазақстанға қайта оралғалы отыр. Саз әлеміне алғаш дабылшы болып қосылған ол кейіннен жеке топ құрып, әйгілі Джо Дассенмен бірге ән жазған.  Сан-Ремо байқауының бірнеше дүркін жүлдегері, сондай-ақ, 90 жылы «Евровижн» байқауында ең үздік әнші атанған қайталанбас дауыс иесінің әрбір әні ескірмес құндылыққа айналды. «Итальяно», «Серенада» сынды сүйікті әндерініңізді тыңдап, романтикалық кештің куәсі болуға асық жандар үшін 28-ші наурызда Республика сарайының есігі ашық. Ал, турне 30-шы наурызда Астанада жалғасады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде