{metadescription}
Теміржолда электрондық билет қолданысқа енгізілді
Теміржолда электрондық билет қолданысқа енгізілді

Теміржолда электрондық билет қолданысқа енгізілді

Теміржолда ноу-хау! Енді пойызға да билетті кассаға бармай-ақ, үйде отырып сатып алуға болады. Бүгін «Қазақстан теміржолы» электрондық билетті қолданысқа енгізді. Мұндай мүмкіндікті қалт жібергісі келмеген  жолаушылар жаңа жол жүру құжатымен пойызға да мініп үлгерді.

Алғашқы жолаушылар тың әдістің тиімділігін айтады. Алдымен кассада ұзақ кезекте тұрып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Компьютеріңіз ғаламторға қосулы болса, төлем карточкасы арқылы электрондық билет сатып алу ең ыңғайлысы. Оны ұшақ билетіндей принтер арқылы А-4 форматындағы  қағазға басып бірден вокзалға бағыт аласыз. Пойызға мінерде жолсерік,  жапсырылған штрих коды арқылы оның түпнұсқалығын тексереді. Ал  пилоттық жоба еліміздің 5 қаласында, Алматы, Астана, Ақтөбе, Орал мен  Атырауда іске асырылмақ. Бір жылдан соң бұл жаңашылдық барлық бағыттарға енгізіледі. Сондықтан электрондық билет әзірше Елордаға қатынайтын пойыздарға ғана сатылады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.