{metadescription}
Атамбаев  Назарбаевтан біраз нәрсе үйренгенін айтып ағынан жарылды
Атамбаев  Назарбаевтан біраз нәрсе үйренгенін айтып ағынан жарылды

Атамбаев Назарбаевтан біраз нәрсе үйренгенін айтып ағынан жарылды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевпен екіжақты кездесу өткізді. Гаагадағы ядролық қауiпсiздік саммитiнен соң оңтүстік астанаға ат басын тіреген президент Орта Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты тілге тиек етті.

Кездесуде ауылы аралас, қойы қоралас жатқан елдердің тыныштығы мен екеуара ынтымақтастығы сөз болды. Қырғыннан көз ашпаған Қырғыз елінің басына сәл тыныштық орнаған кезеңі, 2011 жылдан бастап бағдарласақ екі елдің арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өскен. Яғни 1 млрд долларға саяды. Қазақстанның құйған инвестициясы да 1 млрд долларға жуықтапты. Осы қарқынды әрі қарай арттыру қажеттігін айтқан президенттер негізгі талқылауларды Астанада күзде жалғастырмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Алдымызда шешетін шаруалар көп, барлығын ақылдасамыз келісеміз. Мемлекетаралық коммисcияны өткізу керек, жоғарғы кеңесіміз бар оны өткізу керек. Биылғы жылы Құдай бұйыртса күзге қарай Астанада барлық мәселені талдап талқылауға біз дайынбыз, менде дайынмын.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті:

-Орта Азияда қазіргі күнде алдыға шыққан бәрінен асқан мемлекет бұл Қазақстан. Тұрақтылық жағынан алсақ, экономика жағынан алсақ, ынтымақ жағынан алсақ, білімділік жағынан алсақ, барлық жағынан алсақ үлгі көрсеткен Қазақстан. Сондықтан мен сізге келіп жолығып кеткенде көп нәрсе үйреніп кетем.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде