{metadescription}
Ақсуда тепловозбен соқтығысқан автобус жүргізушісі қамауға алынды
Ақсуда тепловозбен соқтығысқан автобус жүргізушісі қамауға алынды

Ақсуда тепловозбен соқтығысқан автобус жүргізушісі қамауға алынды

Павлодар облысында да жол апатына себепкер болған жүргізушісі абақтыға қамалды. Осыдан 10 күн бұрын Ақсу қаласындағы теміржол бойында тұрып қалған шағын автобусты тепловоз соғып, 4 студент қаза тапқан болатын.

Микроавтобус тізгінінде мына азамат отырған. Жеңіл жарақат алған Иосиф Гусев кейін ауруханадан іле-шала изоляторға жеткізілді. Жалпы көлік ішінде ферроқорытпа зауытынан өндірістік тәжірибеден өтуге келген 7 студент пен сол кәсіпорынның жұмысшысы болған. Жергілікті колледж шәкірттерінің төртеуі сол апатта көз жұмса, қалған төртеуі қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Бірнеше шаңырақтың шырқын бұзған автобус жүргізушісі енді абақтыда сот үкімін күтеді. 7 жылға дейін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде